"100 рет пышаққа түстім. Тоқтайтын ойым да жоқ": Қытайлық әйел сұлу болу үшін 10 жыл бойы операция жасатқан

/
"100 рет пышаққа түстім. Тоқтайтын ойым да жоқ": Қытайлық әйел сұлу болу үшін 10 жыл бойы операция жасатқан
сурет: BBC

Пластикалық хирургия Қытайда бұрынғыдай тыйым салынған тақырып емес. Кейінгі жиырма жылда бұл салаға деген сұраныс тіптен еселенген: жыл сайын 20 миллион қытайлық бет-әлпетін өзгерту туралы шешім қабылдайды. Олардың 80 пайызы – әйелдер, орташа жасы – 25.

Бұл статистиканың артында нақты тағдырлар мен эмоциялық ауыртпалықтар бар. Соның бірі – Бейжіңде тұратын Эбби У есімді әйел. Ол алғашқы пластикалық операциясын 14 жасында жасатқан. Сол кезден бастап бүгінге дейін 100-ден астам түрлі процедурадан өткен.

Эббидің өмірі гормоналды емнен кейін күрт өзгерген: салмағы екі айда 42 келіден 62 келіге дейін өскен. Драма үйірмесіндегі мұғалімі: "Сен жұлдыз едің, енді тым толықсың. Салмақ таста, немесе сахнаны ұмыт", – деп кесіп айтқан. Қыздың анасы оны липосакцияға апарған. Шешесі айтқан бір ауыз сөз Эббидің есінде мәңгі қалған:

"Қорықпа. Кір де шық. Әдемі боласың".

Жартылай анестезиямен жасалған операцияда Эбби есін жоғалтпаған – ол денесінен алынған майды да, аққан қанды да көріп тұрған. Қазір ол 35 жаста және өзі иелік ететін эстетикалық клиниканың арқасында Қытайдағы бет-әлпетті өзгертушілердің символына айналған.

Алайда Эббидің сұлулық жолындағы күресі тек сырт келбетпен ғана шектелмейді. Жақ сүйегін кішірейту үшін үш рет операция жасатқан ол ай сайын бетке пішін беретін инъекцияға жүгінеді. Айна алдында көгерген жерлерін консилермен жапқан ол бұл процедуралардан еш өкінбейтінін айтады:

Қазір Қытайдағы сұлулық стандарттары бұрынғыдай емес. Қазір жастар аниме кейіпкерлері мен K-Pop жұлдыздарына ұқсауға тырысады. Кіртиген қабақ, сүйір иек, көздің үлкендігі мен бет пішінінің балаға ұқсауы – басты талапқа айналған.

Бөлісу: