Жасөспірім полицияға қоңырау соғып, Қостанай қаласындағы сауда орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылды деген хабар берген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл ақпарат бойынша шұғыл тексеріс жүргізілді. Хабарлама жалған болып шықты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратқан жасөспірімді анықтады. Ол қала мектептерінің бірінде оқитын, кәмелетке толмаған оқушы болып шықты.
Жасөспірім заңды өкілінің қатысуымен бұл әрекетті бұзақылық ниетпен жасағанын мойындады. Оның айтуынша, мұндай әрекеттің салдары туралы білмеген.
Қазіргі уақытта балаға қатысты ата-анасының, мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтың қатысуымен профилактикалық және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар баланың анасы кәмелетке толмағанды тәрбиелеу міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.