1 қыркүйектен бастап мектептегі тамақтану стандарты өзгереді

/
1 қыркүйектен бастап мектептегі тамақтану стандарты өзгереді
istockphoto.com

Мектепте тамақтанудың жаңа стандарты әзірленді. Ол 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап елдің барлық білім беру ұйымында күшіне енеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мемлекет басшысы өз тапсырмаларының бірінде елімізде 1,7 млн оқушы қамтамасыз етіліп отырған тегін мектеп тағамдарының сапасын арттыру қажеттігін атап өткен.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Білім министрлігімен, бейінді отандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп, ғылыми деректер мен халықаралық ұсынымдардың негізінде мектепте тамақтанудың жаңа стандартын әзірледі. Ол 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап елдің барлық білім беру ұйымында күшіне енеді.

«Өкінішке қарай соңғы жылдары біз балалардағы семіздік, II типті қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, тісжегі және аллергия жағдайларының өсуін байқадық. Бұл көбінесе теңгерімсіз және зиянды диетаға байланысты», - деп жазады Ақмарал Әлназарова.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, диетаны жаңартумен қатар, министрлік мектеп асханаларының тамақтану қауіпсіздігі мен санитариялық жағдайын бақылауды күшейткен.

Мемлекеттік бақылауға жаңа тәсілдер – тексерулер туралы алдын ала хабарламау және тұрақты мониторингтік сапарлар жүйесі енгізіледі.

«Бұл шаралар тамақтану жағдайларын объективті бағалауға және бұзушылықтарды уақтылы жоюға бағытталған. Біз бұл қадамды балаларымыздың денсаулығы үшін жасаймыз және білім беру жүйесінің барлық қатысушыларын жаңа талаптарды жауапкершілікпен және адал орындауға шақырамыз», - дейді Ақмарал Әлназарова.

Бөлісу: