«Жеңілетінімді сездім»: Асланбек Шымбергенов Олимпиададан кейін алғаш рет сұхбат берді

/
«Жеңілетінімді сездім»: Асланбек Шымбергенов Олимпиададан кейін алғаш рет сұхбат берді
Фото: sports.kz

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен соң алғаш рет журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына сұхбат берді. Боксшы жазғы ойындардағы жеңілісінің себебін түсіндірді.

"Олимпиаданың алдындағы оқу-жаттығу жиынында ауырып қалдым. Температурам бір апта бойы түспей қойды. Ондай жағдай менде мүлде болмаған. Әрі  кетсе, бір-екі күн ауырып,  қоятынмын. Бұл да Париждегі жеңіліске себеп болды деп ойлаймын. Жеңілісті өзі солай алып келеді ғой. Өзің сезесің. Ауырасың, жаттығуың дұрыс болмай қалады. Сондай болады өзі",  — деді Шымбергенов.

Сондай-ақ Асланбек Олимпиададағы сәтсіздіктен соң ешқандай да депрессияға түспегенін, мұны сынақ деп қабылдағанын айтты.

"Психологпен сөйлескенімде, ол: «Депрессияға түстің бе?", —  деп сұрады. "Палестинада соғыс болып жатыр ғой. Алла сондай сынақ беріп жатыр. Соған олар шыдап жатыр. Ал болмайтын жекпе-жек үшін депрессияға түседі деп ойлайсыз ба?", — дедім. Әрине, қиындықтар болды. Бірақ халықтың, жақындарымның, отбасымның, достарымның арқасында бұл сәт алыста қалды", — дейді боксшы.

Бөлісу: