Мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырған жүргізуші қамауға алынды

/
Мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырған жүргізуші қамауға алынды
polisia.kz

Алматыда мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырған жүргізуші жауапқа тартылды, — деп хабарлайды turkystan.kz.

Рейд барысында мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жасырып жүрген ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Оның мақсаты – камералар түсіретін заң бұзушылықтарды болдырмау және жауапкершіліктен құтылу. Сот құқық бұзушыға қатысты әкімшілік қамаққа алу шарасын қолданды.

Полиция, нөмірді жасыру қауіпті бұзушылық, тіпті одан да ауыр қылмысқа әкеп соқтыруы мүмкін екенін еске салады. Бұзушылық - әрқашан үлкен мәселенің басы.

— Өз әрекетін жасыруға тырысатын кез келген жүргізуші басқаларға қауіп төндіруі мүмкін. Біз жеке жауапкершілікке шақырамыз. Олқылық іздемеңіз - ережелерді сақтаңыз. Тек осылай ғана жолдарды шынымен қауіпсіз ете аламыз, - деді Алматы okқалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Бөлісу: