Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мен Николь Фосса Хуэрго (Италия) Мадридте (Испания) өткен W100 сериялы турнирдің екі разрядты жеңімпаздары атанды.
Финалда теннисшілер Испандық Марина Бассольс пен Андреа Лазаро Гарсияны жеңді. Бірінші сетті қарсыластар алды -7:6 (9:7). Екіншісі Жібек пен Никольде қалды- 7:6 (7:4).
Кездесудің нәтижесі Қазақстан мен Италия өкілдері 10:4 есебімен жеңіске жеткен чемпиондық тай-брейкте шешілді.