жексенбі, 20 сәуір, 2025

«Сәл шыдаңыздар»: Ерке Есмахан жақын арада ел күткен сырын ашатынын айтты

/
«Сәл шыдаңыздар»: Ерке Есмахан жақын арада ел күткен сырын ашатынын айтты
Әлеуметтік желіден

Елдің ерке қызы атанып кеткен әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, үшінші сәбиінің жынысын жақын арада жариялайтынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандары әншіге "Гендер пати жасамайсыздар ма?" деп сұрады.

Әнші тыңдарманының бұл сұрағына былай деп жауап берді:

"Жоқ, жасамаймыз. Гендер пати туралы сұрақ өте көп. Шамалы қалды ғой, кішкене шыдасаңыздаршы. Туған соң түрін көрсетпесек те, жынысын "точно" айтамыз. Алла қаласа сүйіншілетеміз", - деп жауап берді әнші.

Бөлісу: