жексенбі, 20 сәуір, 2025

«Екінші емес, бесінші әйелімін» деп, жұрттың шамына тиді»: Динара Сәтжан тағы да жұрт назарына ілікті

/
«Екінші емес, бесінші әйелімін» деп, жұрттың шамына тиді»: Динара Сәтжан тағы да жұрт назарына ілікті
Әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде тележүргізуші Динара Сәтжанға үйленген кәсіпкердің бұрынғы отбасы жайында тың ақпараттар жарық көрді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оқырмандар Жұмабек Жанықұловтың бірінші әйелін Динара Сәтжанға ұқсатып, кәсіпкердің талғамына таңқалды.

ТикТок желісіне жүктелген видеода бизнесменнің отбасы мұрағатынан алынған суреттер жүр. Авторы экс-жарын «аққұба, көрікті келіншек» деп суреттеп, кәсіпкерден төрт ұл, бір қызы бар екенін жазған.

Бұған оқырмандар әйелдің «Динарадан қай жері кем» деп, Жанықұловты сынады.

Айта кетейік, жақында шаңырақ көтерген жас жұбайлар бүгінде қоғамда қызу талқылануда.

Медиажұлдыздың өзі «Форбс» тізіміндегі қалталы азаматтың «екінші емес, бесінші әйелімін» деп, жұрттың одан сайын шамына тиді.

Бөлісу: