Безеуді сығу эпилепсияға әкелуі мүмкін – косметолог

/
Безеуді сығу эпилепсияға әкелуі мүмкін – косметолог
istock

Безеуді емдеу — ұзақ әрі күрделі процесс. Оны міндетті түрде маман бақылауымен жүргізу керек. Өзін-өзі емдеу асқынуға әкелуі мүмкін. Бұл туралы «Газета.RU» басылымына берген сұхбатында дәрігер-дерматовенеролог әрі косметолог Оксана Слободянюк айтты.

Дәрігердің айтуынша, теріні тым жиі жуу терінің табиғи қорғанысын бұзып, безеудің одан сайын өршуіне себеп болады. Сондай-ақ, спиртті лосьондар, дегтярлы сабын, перекись сынды қатты әсер ететін құралдар — теріні күйдіріп, құрғатып, тітіркендіруі мүмкін.

Әсіресе мұрын мен ерін арасындағы аймақ — өте қауіпті. Бұл аймақ медицинада «өлім үшбұрышы» деп аталады, себебі осы жердегі инфекция қан арқылы миға өте алады.

Егер адам сол жерде шыққан безеуді сығып, теріні зақымдаса, инфекция қан арқылы миға жетуі мүмкін. Бұл өте қауіпті жағдайларға әкелуі ықтимал:

  • Ми қабынуы (менингит)
  • Ми тінінің қабынуы (энцефалит)
  • Ми тамырларында қан ұйып қалуы (тромбоз)

Инфекция мидың кей бөліктерін зақымдаса, эпилепсия тәрізді ұстамалар пайда болуы мүмкін дейді косметолог. Бірақ бұл өте сирек жағдай, және көбінесе әлсіз иммунитеті бар адамдарда кездеседі.

Сондықтан маман беттегі безеулерді үй жағдайында қыспауға кеңес береді, оның орнына теріге күтімді дұрыс жасап, қажет болса дерматологқа немесе косметологқа жүгінген жөн.

Бөлісу: