сенбі, 19 сәуір, 2025

Deloitte компаниясы 60 адамды тегін пиццамен алдап, жұмыстан шығарып жіберген

/
Deloitte компаниясы 60 адамды тегін пиццамен алдап, жұмыстан шығарып жіберген
сурет: istockphoto.com

Deloitte компаниясында күтпеген жағдайда 60 қызметкер жұмыстан қуылды. Олардың электронды поштасына: «24-қабатта пицца бар. Кім бірінші келсе – соныкі» деген хабарлама келген.

Көптеген қызметкер тегін пицца үшін жоғары қабатқа асығып жеткенде, оларды маргарита емес, кадр бөлімінің өкілі, басшылық және жұмыстан шығару туралы ресми ескерту қарсы алған.

Компания басшылығы бұл әрекетін былай түсіндірген: "Егер күндіз пицца қуалап жүретін уақыттары болса, демек жұмыс аз немесе істеліп жатқан жоқ".

Жұмыстан шығарылған әр адамға есік алдында 5 долларлық купон табыс етілген. Бұл – басшылықтың пицца туралы уәдесін орындағаны.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары