Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ерекше жағдай болды. Дәрігерлер 40 жастағы ер адамның өт қабынан 5 499 тас алып шықты. Бұл отандық медицина тарихында өте сирек кездескен жағдайдың бірі, деп хабарлады turkystan.kz.
Тастың мұндай саны тіпті хирургтардың өзі үшін де күтпеген жағдай болды.
«Бұл шынымен бірегей жағдай - өт қабынан осыншама мөлшерде тас алынды. 20 жылдық тәжірибемде мен бұндайды бірінші рет көріп тұрмын», - деп атап өтті ОКҚА бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары Фараби Стамқұлов.
Ер адам ОККА-ға шұғыл түрде оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, жүрек айну, әлсіздік және сырқаттану шағымдарымен түсті.
Тексеруден УДЗ-да өт қабында көптеген тас анықталды.
Науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия жасалды, бұл хирургтар күнделікті жасайтын стандартты процедура.
Дегенмен, өт қабының мазмұны тіпті тәжірибелі хирургтардың өзін таң қалдырды.
«Біз көп тас күттік, бірақ 5 500-ге жуық болғаны нағыз тосын жайт болды. Өт қабы жентектелген бұрыш сияқты лық толы болды. Мұндай көп тас өмірде бір рет кездеседі дер ем», - дейді ота жасаған хирург Ілияс Сағиев.
Анестезиолог пен хирургтардың үйлесімді әрекетінің арқасында ота сәтті өтті.
Науқас наркоздан асқынусыз шықты және тұрақты күйде үйге шығарылды.
Фараби Стамқұловтың айтуынша, өт тас ауруы – «тыныш» патология, ол жылдар бойы білінбеуі мүмкін, бірақ уақтылы емделмеген жағдайда қатерлі ісік, панкреонекроз, іріңдеуші холангит, жыланкөз және басқа да ауыр зардапқа әкелуі мүмкін.
Кейде симптомдар болмашы көрінуі мүмкін, бірақ емді кешіктіру қымбатқа түсіп, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
«Қарапайым УДЗ және уақтылы хирургиялық емдеу денсаулықты, кейде өмірді аман алып қалады», - деп еске салады дәрігер.