Елбасы "Ақтау" теңіз терминалының қызметімен танысты

Елбасы "Ақтау" теңіз терминалының қызметімен танысты

Елбасы "Ақтау" теңіз терминалының қызметімен танысты
ашық дереккөзі
Елбасы Ақтау теңізі солтүстік терминал Нұрсұлтан Назарбаев теңіз терминалының қызметімен танысып, оның даму перспективалары туралы мағлұмат алды. Іс-шара барысында Қазақстан Президентіне 2020 жылға қарай барлық порттың, соның ішінде Ақтау солтүстік теңіз терминалының қуаттылығын айтарлықтай арттыру жоспарланып отырғаны жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына «Жібек жолы» жүк тиеу кешенінің жұмысы туралы мәлімделді. Іс-шара соңында Елбасы терминал қызметкерлерімен әңгімелесті. Терминал жұмысы экспорт-импорт өсімін арттыруға және Қазақстан мен Орталық Азия елдері өнімдерін Ақтау порты арқылы Кавказ маңы, Парсы шығанағы елдеріне және Ресей Федерациясына жеткізуге бағытталған. Кәсіпорында жыл бойы дәнді дақылдар тиеу және жөнелту, кемелерге кешенді қызмет көрсету, ірі тонналық жүк контейнерлерін сақтау жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ қоймада жүк сақтау операциялары жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті «Азерсун» өндіріс және логистика орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Мемлекет басшысы орталықтың жұмысымен танысып, өндірістік тауарлар, сондай-ақ жеміс-жидек пен көкөніс сақталатын қоймаларды аралап көрді. Ақтаудағы логистика орталығының қызметі азық-түлік өнімдері бағасын арзандатуға бағытталған. "Маңғыстау облысымен қатар, республикамыздың басқа да өңірлеріндегі азық-түлік бағасын төмендетіп, онымен қамтамасыз ету мақсатымен тауарларды сақтау, жеткізілетін көлемін арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет", – деді Елбасы.