бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Жетісу облысының тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды

/
istockphoto.com

Жетісу облысында ер адам жасөспірім қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Құзырлы органның ақпаратынша, былтыр тамыз айында К. 12 жастағы қыз жатқан үйге кіріп, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сол күні ол ұсталды. Кейін қамауға алынып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады (Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі) деген айып тағылған.

Алайда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушының әрекетін жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмысқа оқталу деп қайта саралап, оны небәрі 15 жылға бас бостандығынан айырған.

«Прокуратураның дәйекті және принципті ұстанымының нәтижесінде апелляциялық инстанция бұл үкімді өзгертіп, кінәлі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - дейді облыстық прокуратура өкілдері.

Бөлісу: