сәрсенбі, 16 сәуір, 2025

Сабина Алтынбекова күтпеген мәлімдеме жасады

/
Ашық дереккөзден

Қазақстандық белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында өмірдегі қиындықтар мен адам төзімінің шегі туралы ой толғады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол адам баласы нағыз мықтылығын тек сынаққа тап болғанда ғана түсінетінін атап өтті, деп жазады Todayinfo ақпараттық порталы.

«Ешбір ер де, әйел де өмірдің қиындығына тап келмейінше өзінің төзімділік шегін білмейді. Көп адам ешқашан қиын сәтке тап болмай-ақ құрметке ие болып жүр. Ал шын сынаққа тап болмай, жақсы адам болып көріну – оңай нәрсе», – деп жазды спортшы.

Сабинаның бұл жазбасы көпшілікті шабыттандырып, ішкі күш пен сабырдың маңызын бағалауға шақырды. Ол жазбасына сәйкес, жаттығудан кейін түсірілген қара-ақ түсті суретін де жариялаған. Бұл фото жазбаның мағынасын тереңдете түседі.

Әлеуметтік желідегі жанкүйерлері волейболшының жүрекке жеткен жазбасына жылы пікірлер қалдырып, қолдау білдірді.

Бөлісу: