сәрсенбі, 16 сәуір, 2025

Ақшаға деген көзқарасы ұқсас жұптар бақытты отбасы бола алады – зерттеу

/

Ерлі-зайыпты ақшаны бірінші орынға қойғанда, олардың бір-біріне, некеге деген ризашылығы төмендейді. Мұны Journal of Social and Personal Relationships журналында жарияланған жаңа зерттеу нәтижесі көрсетіп отыр.

Зерттеуде анықталғандай, ақшаға шамадан тыс мән беретін жұптар қаржы туралы бір-бірімен ашық сөйлесе алмайды, бұл өз кезегінде олардың қарым-қатынас сапасына кері әсер етеді. Ал, керісінше, ақшаға деген көзқарастары ұқсас жұптар өзара тиімді қаржылық коммуникация орнатып, некеде де өздерін бақыттырақ сезінеді.

Байқағанымыз – жұбайлардың екеуі де ақшаны бірінші орынға қойса, олар қаржы мәселелерін сөйлесуден қашқақтайды. Мұндай материалистік көзқарас шынайы қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіреді, – дейді зерттеуші Лебарон-Блэк.

Зерттеуге АҚШ-тағы 1 153 жұп қатысқан. Олардың некеге тұрғанына орта есеппен 8 жыл болған. Қатысушылар арнайы сауалнаманы толтырған: онда олардың ақшаны қалай қабылдайтыны, жұбайымен қалай сөйлесетіні және қарым-қатынасына қаншалықты риза екені сұралған.

Нәтиже:

  • Ақша туралы көзқарасы бір-біріне ұқсас жұптар қаржы тақырыбында ашық сөйлесе алады.
  • Ақшаға шектен тыс мән беретін жұптарда қарым-қатынас пен қанағаттану деңгейі төмен.
  • «Ақшаға табыну» – бақытқа жету жолы емес, керісінше, күйзелістің көзі.

Зерттеушілердің айтуынша, ақша – маңызды құрал, бірақ оған өмірдің басты құндылығы ретінде қарау – отбасы бақытына зиянын тигізуі мүмкін. Жұбайлар қаржыны дұрыс деңгейде ұстауға және бір-бірінің құндылықтарына құрметпен қарауға тиіс.

Бөлісу: