Журналист әрі блогер Жанат Бақыт Instagram парақшасында адамның қайтыс болар алдындағы ауыру себептерін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Әкем пайғамбар жасына дейін ауырмаған жан. Ауырып, ауруханаға түсіп бір қыңқ дегенін көрмеппін. Алайда қалай 63 жасқа жақындады, бірден жүрегі сыр беріп инфаркт алды. Содан Жүрегіне операция жасалды. Ауруханадан шыққаннан кейін өкпе сыр берді. Өкпеге су жиналып күніне 2 литр қан аралас су алатын. Қысқасы, жүрек пен өкпе екі жақтан кезекпен ауырып айналдырған ауру 2-3 жылда әкемді алып тынды. Бірақ осы санаулы жыл әкем үшін ғасырдан ұзақ болғаны белгілі.
Апталап ұйықтамай жаны қиналып кетті. Тек отыратын. Еш жата алмады. Мен ол кездерде рухани тақырыптарды, Ғалам заңын, Карма заңы туралы мүлде түсінбеймін. Әкеме қарап тұрып: “Құдай неге адамды осынша қинайды екен? Жоқ, ақыры қинайтыны бар, қинап-қинап несіне алып кетеді? Жазып жіберсе болмай ма?” дейтін ем. Осыны түк түсіне алмадым.
Арада 10-15 жыл өткенде енді түсініп жатырмыз.