жексенбі, 13 сәуір, 2025

«Нағыз талант»: Юлдуз Усманова қазақтың халық әнін орындап, елдің ықыласына бөленді (ВИДЕО)

/
Видеодан скриншот

Өзбекстанның әйгілі әншісі Юлдыз Усманова қазақтың «Дедім-ай ау» халық әнін орындап, жұрттың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйгілі әншінің бұл орындауын жұртшылық ыстық қабылдап, жылы лебіздерін білдірді.

«Жарайсың, Юлдыз Усманова. Жұлдызды әнші аман жүр, еш ауырмай 100-ден ас», «Орталық Азияның примадоннасы», «Керемет, тамаша орындау жарайсың», «Менің жастық шағымның жұлдызы», «Дауысы мықты», - деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу: