сейсенбі, 15 сәуір, 2025

Жапонияда футбол ойнап жүрген оқушыларға найзағай түсті

/

Жапонияның Нара қаласында қайғылы оқиға болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мектеп ауласында футбол ойнап жүрген оқушылар тобына найзағай түскен. Алты бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, олардың біреуінің жағдайы аса ауыр деп бағалануда.

Оқиға "Тэдзукаяма гакуэн" атты білім беру кешенінің аумағында болған. Бұл кешенге балабақшадан бастап университетке дейінгі оқу орындары кіреді. Найзағай түскен сәтте оқушылар спорт алаңында футбол ойнап жатқан.

Бөлісу: