жұма, 18 сәуір, 2025

Ғалымдар 4 жыл бұрын қайтыс болған композитордің миынан жаңа ми өсіріп шығарды

/
сурет: Amanda Lucier

Аустралия ғалымдары АҚШ композиторы Элвин Люсьені қайта "тірілтті".

Батыс Аустралия өнер галереясында симфонияның әуені естіледі. Бірақ көзге көрінетін бірде-бір музыкант жоқ. Алайда мұқият қарасаңыз, музыканттың кішкентай бір бөлшегін көруге болады. Бөлменің ортасында биік тұғырдың үстінде тұрған микроскоптың астында екі ақ түсті дақ көрінеді — медузаға ұқсайтын миниатюралы тіршілік иелері. Бұл – марқұм американ композиторы Элвин Люсьенің зертханада өсірілген "миы". Ол дәл қазір тірі партитура жазып жатыр.

Ғалымдар төрт жыл бұрын қайтыс болған композитор Элвин Люсьенің ми жасушаларынан ми өсіріп шығарды. Енді бұл кішкене ми айналадағы дыбыстарды естіп, оларды түсініп, нейросигналдар арқылы жауап бере алады.

2021 жылы дүниеден озған Люсье эксперименталды музыканың пионері болған. Енді оның ми жасушалары заманауи нейротехнология көмегімен жаңаша "тіршілікке" еніп, шығармашылық жолын жалғастырып жатыр.

Бұл жоба тек көркем эксперимент қана емес – ол жасанды интеллект, адамның миы, шығармашылық және авторлық құқық жөніндегі өзекті сұрақтарға жол ашады.

Ми белсенді болған кезде арнайы пластиналар оның сигналдарын музыкаға айналдырады — бұл ерекше, тірі музыка, үнемі өзгеріп тұрады.
Және бұл жай ғана кездейсоқ шу емес. Музыка Люсье тірі кезінде айналысқан дүниелерге ұқсайды — дыбыс, діріл мен кеңістікті зерттеген эксперименттер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары