Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының спортшысы Жәмилә Бақбергенова Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингінде көш бастады.
Біріккен күрес әлемінің сайтында әр салмақтағы балуандардың рейтингісі жарық көрді. Бұл тізімге әйелдер арасында 72 келі салмақта Жәмилә Бақбергенова енді.
72 келі салмақта бұған дейін көш басында жапон спортшысы Ами Иши тұрған еді. Ол өткен жылы Тиранада өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.
Жәмилә Бақбергенова жақында Иордания астанасы Амманда өткен Азия чемпионатында топ жарды. Осылайша қазақстандық спортшы бұл бәсекені төрт рет ұтты. Азия жеңімпазы атанғаннан кейін Жәмиләның еншісіне 10 мың ұпай жазылды, нәтижесінде отандасымыз өз салмағында бірінші орынға көтерілді.