жұма, 18 сәуір, 2025

Атырауда ақша бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды

/
polisia.kz

Атырауда экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру барысында 43 жастағы ер адамнан 140 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған, бұрын сотталған 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тінту кезінде күдіктіден 20 000 теңге табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы негізінде қамауға алынды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары