бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Димаштың әні ең көп тыңдалған 100 композиция қатарына енді

/
dimashnews.com

Әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін француздық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді, - деп жазды dimashnews.com.

Аталған ән әлемнің көптеген елінде тыңдалып, түрлі музыкалық хит-парадтар мен рейтингтерге енді.

Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден Топ-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын. Сондай-ақ бұл композиция үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары