бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Құрбысына ыстық сорпа шашып жіберген ер адам қамауға алынды

/
Ашық дереккөзден

АҚШ-та ер адам құрбы қызына қайнап тұрған сорпаны құйып жібергені үшін қамалған, деп хабарлады turkystan.kz.

Техас штатында құқық қорғау органдары 35 жастағы Александр Элтон Макдэвидті ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ұстады. Оған қарт адамға дене жарақатын салу, жүйелі түрде тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету, денсаулыққа зиян келтіретін шабуыл жасау, отбасы мүшелеріне террорлық сипаттағы қорқыту және тұтқындалу кезінде қарсылық көрсету айыптары тағылып отыр.

Тергеу деректеріне сәйкес, Макдэвид ашу үстінде 67 жастағы азаматтық некедегі жарына микротолқынды пештен тамақ алып жатқанда қайнап тұрған сорпаны құйып жіберген. Салдарынан әйелдің оң иығы мен білегін үшінші дәрежелі күйік шалған.

Іс материалдарында көрсетілгендей, жәбірленуші бірнеше күн бойы көмекке жүгінуге мүмкіндік таппаған – оның телефоны да, көлігі де болмаған. Тек біраз уақыт өткеннен кейін ғана ол әлеуметтік көмек көрсету орталығына жетіп, сол жерден полиция бөліміне жіберілген. Дәрігерлер әйелдің жарақаттарын тіркеп, кейін ол қылмыскерге қарсы ресми мәлімдеме жасаған.

Жәбірленуші мәлімдемесінде Макдэвидпен қарым-қатынасы бір жылға жуық уақытқа созылғанын айтқан. Сол уақыт ішінде ер адам оның үйіне көшіп келіп, жүйелі түрде күш қолдана бастаған.

Бөлісу: