дүйсенбі, 7 сәуір, 2025

«10 баласы бар кәсіпкердің екінші әйелі»: Динара Сәтжан күйеуі туралы шындықты айтты

/
Әлеуметтік желіден

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі видеолардың бірінде өзіне қатысты ақпаратқа қалжыңмен жауап беріп,  15 баласы бар ер адамға тұрмысқа шыққанын жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тележүргізуші Instagram желісінде таралған Reels-тардың бірінде өзіне қатысты видеоға пікір білдірді.

«Динара 10 баласы бар еркектің тоқалы болды», – деп жазылған видеода.

Алайда тележүргізуші видео авторының қате жазғанын айтып, дұрыс нұсқасын жазды.

«10 емес 15», – деп Динара Сәтжан қысқа қайырды.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын тележүргізуші Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шығып, күйеуінің тегін алғаны белгілі болды.

Бөлісу: