Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың ісіне қатысты жаңа деректерді айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күдіктіге қатысты қылмыстың істің тергеуі аяқталған. Қазір процесс қатысушылары қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр.
«Қылмыстық істі тергеу барысында келтірілген шығын көлемі әртүрлі болған. Қазір шығын көлемі 3,5 млрд теңгені құрады. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны гүл дүкенін сатып алу арқылы заңдастырған. Осылайша ол өзін қоғамға өзін бизнес-леди ретінде көрсеткен», – деді Елемесов.
Ал Перизат Қайраттың тәркіленген мүлкі жәбірленушілердің шығынын өтеуге немесе мемлекет кірісіне кетеді.