сенбі, 5 сәуір, 2025

Семейде абақтыға екі келі гашиш кіргізбек болған азамат ұсталды

/
polisia.kz

Ер адам Семей қаласындағы аралас қауіпсіздік колониясына екі келідей гашишті тыйым салынған аймақтан лақтырмақ болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы облысының 27 жастағы тұрғынын бейнебақылау бекетінің қызметкерлері байқап, оны Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №19 мекемесінің қызметкерлері ұстады.

- Ер адам рюкзагын негізгі қоршау арқылы лақтыруды жоспарлаған, оған скотчпен оралған алты түйіншік салынған. Әр түйіншікте ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат болған. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттың жалпы салмағы екі келіге жуық гашиш есірткісі болып шықты, – деп хабарлады жедел бөлім бастығы Елжас Айтқалиев.

Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Есірткі заттарын заңсыз жөнелту немесе өткізу үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бөлісу: