сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

"Мен екінші нөмірлі боксшыларды іздемеймін": Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Сауль Аль Альвареске қарсы жұдырықтасқысы келеді

/
Фото: instagram.com / janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы, WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) әйгілі мексикалық боксшы, екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль Аль Альвареске (62-2-2, 39 КО) қарсы жұдырықтасқысы келеді, деп хабарлайды turkystan.kz meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазір орта салмақта көш бастағандар көп: Хамза Шираз, [Эрисланди] Лара, Карлос Адамес. Бұл жігіттер өз бабында-ақ, алайда олар маған қарсылас бола алмайды. Мен екінші нөмірлі боксшыларды іздемеймін. Мен Канело және басқа боксшылар секілді бірінші нөмірлі боксшыларға қарсы бокстасуға тырысамын», – дейді қазақстандық боксшы Boxing Scene-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы келесі кездесуін француз Анауэль Нгамиссенгеге (14-0, 9 КО) қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек 5 сәуірде Астана қаласында өтеді. Жәнібек WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғауға күш салады.

Бөлісу: