Түркістан қаласындағы "Бекзат" мөлтек ауданының 1994 жылы туған ер азаматтары көпбалалы отбасына баспана сыйлады. Бұл жыл сайынғы дәстүрге айналған, деп хабарлайды turkystan.kz облыстың өңірлік коммуникаци
Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері ресми сайтында хабарлағандай, 9 перзент тәрбиелеп отырған Құрбанәлі Серікбайұлы мен Мөлдір Фархатқызы бірнеше жылдан бері пәтер жалдап тұрып келген. Мұндай қайырымды істің шарапатын көрген жанұя жақсылыққа жаны құмар жандарға алғысын білдірді.
Төрт бөлмелі баспананың лентасын қиып, кілтін табыстау ауыл ақсақалы Дәулеткерей Оспанов пен Олимпиада чемпионы, марқұм Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Адырбекқызына бұйырды. Қалалық мәслихат депутаттары Жандос Арыстанов, Жанбота Тағайбаев, ел ағалар Нұрғали Шерімбетов және Бағдат Қалмұрзаев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін арнаған.
Бұдан бөлек Түркістанның 1988 туған азаматтары да Наурыз мерекесі қарсаңында бір отбасының баспаналы болуына себепші болған.
Айта кетейік, игі дәстүрдің арқасында осымен 18 отбасы баспаналы болып отыр.