Баян Мақсатқызы бұл туралы өзі сұрап алған
Продюсер Баян Алагөзова күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке тосын сұрақ қойды, деп жазды Аikyn.kz.
Баян Мақсатқызы жақында киноға түсейін жатқанын айтты. Ол тұрмыстағы әйелдің рөлін сомдайды. Ал жолдасы актер Жан Байжанбаев болмақ. Продюсер күйеуінен өзге ер адамдармен киноға түсуіне қалай қарайтынын сұраған.
«Мен кинода басты рөлге түсіп, қасымда бөтен еркек болса, яғни менің кинокүйеуім болса, бұған қалай қарайсың?» - дейді ол.
Тұрсын Алагөзов бұл сұрақты жауапсыз қалдырмады.
«Ол сенің талғамыңдағы адам болмайды. Сол себепті көңілім орнында», - деп жауап берді Тұрсын Алагөзов.