Дмитрий Попко ATP жаңартылған рейтингісінде 175-орынға көтеріледі.
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (АТР 245) Мексиканың Морелия қаласында өткен ATP Challenger 125 турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда Дмитрий турнирдің бірінші ракеткасы, 2021 жылғы ATP 250 Astana Open финалисі, аустралиялық Джеймс Даквортты (ATP 95) 1:6, 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 47 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Попко сегіз эйс жасап, алты брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.