сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

«Олар оны мойындайды»: Қайрат Нұртас бауырларының жағдайын бір өзі істеп отырғанын айтты

/
Әлеуметтік желіден

Әнші бұл туралы сұхбатында айтты

Желіде Қайрат Нұртастың сұхбатынан үзінді тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Айтуынша, отбасы әншінің еңбегінің арқасында бүгінде шалқып өмір сүріп жүр. 

"Олар менің ата-анам болғанына, екі бауырым Қайрат Нұртастың інісі болғанына, бала-шағам менің отбасым болғанына кінәлі емес қой. Олар күн сайын ананас пен банан жейді. Бәрінің астында машина бар, Аллаға шүкір. Оның бәрін істеп отырған мен, олар оны мойындайды", - деді Қайрат Нұртас.

Желі қолданушылары әншінің бұл сөздеріне таңырқап, жаппай пікір білдірді. 

"Банан мен ананас қымбаттап кетппесін", "Мынау сау кезі ме әлде ішіп алған ба", "Қайрат Нұртас болмасақ та күн сайын ананас пен банан жейміз", "Бұдан сұхбат алмай-ақ қойыңдаршы", - деді олар. 

Бөлісу: