Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.
Еркін бағдарламада Самоделкина 117,78 ұпай жинап, жалпы сомасы 181,36 ұпаймен жарысты 14-орынмен аяқтады. Нәтижесінде ол 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.
Чемпион атанған америкалық Алиса Лью 222,97 ұпай жинаса, жапондық Каори Сакамото (217,98) күміс жүлдегер атанды. Қола жүлде тағы бір жапондық спортшы Монэ Тибаға (215,24) бұйырды.
Айта кетейік, Олимпиадаға жолдама алу үшін спортшылар әлем чемпионатында үздік 24 қатарына енуге тиіс. Софья Самоделкинаның көрсеткіші ресми түрде кейінірек расталады.