сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Астанада Қадыр түніне орай шаттл маршруттары іске қосылады

/
Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Автобустар қала тұрғындарының ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып, қаланың аталған аудандарына жеткізу үшін қатынайтын болады.

Мазмұны

    Астанада Қадір түнінде, яғни 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні тұрғындарды мешіттерге тегін жеткізетін арнайы автобустар жүреді, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Қосымша көлік 22:00-ден бастап қатынайды, автобустың соңғы жүретін уақыты – таңғы 04:00-де. Автобустар қала тұрғындарының ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып, қаланың аталған аудандарына жеткізу үшін қатынайтын болады.

    Арнайы көлік қозғалысының маршруттары:
    «Республикалық Бас мешіт» мешіті – Целинный шағын ауданынан, «Есу каналы» аялдамасы және Республика даңғылынан.

    «Әзірет Сұлтан» мешіті – автобустар «Спутник» супермаркеті, Теміржол вокзалы және Көктал-1,2 тұрғын алабынан аттанады.

    «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті – көлік «Көктал-1,2» тұрғын алабынан, Теміржол вокзалынан және Медициналық колледжден қатынайтын болады.

    «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті – «Көктал-1,2» тұрғын алабынан және Киричный тұрғын алабынан қатынайды.

    «Рахымқызы Райса ана» мешіті – автобустар «Рахмет» сауда орталығынан аттанады.
    Қосымша маршруттарды іске қосу жолдарда кептеліс болуына жол бермейді және елорданың барлық тұрғыны үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.

    Бөлісу: