дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Өскеменде қошқарды 100 рет көтерген келін жеңімпаз атанды

/
ШҚО әкімдігі
Қарапайым қазақ келінінің бұл ерлігі көпшілікті таңғалдырды

Мазмұны

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Өскеменнің орталық алаңында ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Арқан тарту, асық ату, бағанаға өрмелеу, тоғызқұмалақ сияқты сайыстардың ішінде ең қызықтысы – қой көтеру болды.

Бұл бәсекеде қатысушылар өз күшін сынап, шын мықтыны анықтады. Ер азаматтармен бірге додаға түскен Айым Нұржанқызы қошқарды 100 рет көтеріп, абсолют чемпион атанды. Қарапайым қазақ келінінің бұл ерлігі көпшілікті таңғалдырды.

Жарысты тамашалаған көрермендер: “Қазақтың қыздары нағыз қайсар!”, “Алыптарды дүниеге әкелетін аналарымыз мықты!”, “Жарайсың, қызым, талабыңа нұр жаусын!” деп жылы лебіздерін білдірді.

Бөлісу: