Нұрсұлтан Назарбаев Бакуге барды

Нұрсұлтан Назарбаев Бакуге барды

Нұрсұлтан Назарбаев Бакуге барды
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Әзірбайжанға келді. Бұл туралы 2 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. "Мемлекет басшысы ресми сапармен Әзірбайжан Республикасына келді", - делінген хабарламада. Назарбаевты Баку халықаралық әуежайында Әзірбайжан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эйюбов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов пен басқа да ресми тұлғалар күтіп алды. Қонақтың құрметіне құрметті қарауыл тұрды", - деп хабарлады АЗЕРТАДЖ агенттігі. Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың сәуірде Әзірбайжанға баратыны хабарланған болатын. Назарбаев Әзірбайжанға өткен жылдың 12 қазанында баруды жоспарлаған еді, алайда суықтап қалғанына байланысты сапарын кейінге қалдырған болатын.