Бұл туралы BFMTV мәлімдеді.
Францияда әскери қызметкерлерді тасымалдап бара жатқан төрт автобус апатқа ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға салдарынан 30-дан астам адам жарақат алған. Қақтығыс Парижден 46 шақырым жердегі А13 трассасында болды. Жеке көлік автобустар колоннасының арасына кірмек болған сәтте бір автобус тежегішті қатты басуға мәжбүр болды, сол себепті артында келе жатқан автобустар оған соғылған.
Оқиға орнына 40-тан астам құтқарушы қызметкер жетіп, бірнеше жолақ уақытша жабылды.