9 компанияға бір уақытта жұмысқа тұрған АҚШ азаматы еш нәрсе істемей қыруар ақша табудың жолын тапқан

/
9 компанияға бір уақытта жұмысқа тұрған АҚШ азаматы еш нәрсе істемей қыруар ақша табудың жолын тапқан
сурет: istockphoto.com
Алайда ол ешқандай міндетін өзі орындамайды: барлық жұмысты оған арзан бағаға келісімшарт арқылы жұмыс істейтін Үндістан мен Пәкістанның 7 маманы атқарады.

АҚШ-та IT-маман бірден 9 компанияда «жұмыс істеп», жылына 800 мың доллар табатыны анықталды. Алайда ол ешқандай міндетін өзі орындамайды: барлық жұмысты оған арзан бағаға келісімшарт арқылы жұмыс істейтін Үндістан мен Пәкістанның 7 маманы атқарады.

Бұл схема өте шебер құрылған: бір адам оған жаңа бос орындарды тауып береді, екіншісі сұхбаттан өтеді, үшіншісі жиналыстарға қатысып, өзін IT-маман ретінде көрсетеді, ал қалғандары код жазып, жобаларды уақытында аяқтайды.

Маман осылайша кейінгі 5 жыл бойы ешкімге байқатпай "жұмыс істеп" келген. Ол әлі де жаңа «жұмыстарға» орналасуды жалғастыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары