сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Екібастұзда кәсіпкер 140 ұпай жинаған түлекке бес млн теңге беретінін айтты

/
istockphoto.com
Жергілікті кәсіпкер, меценат түлектерді осындай ерекше сыйлықпен талпындырып отыр

Өңірдегі оқушылар ҰБТ-да ең жоғары ұпай жинаса, 5 млн теңгенің сертификатын иелене алады. Жергілікті кәсіпкер, меценат түлектерді осындай ерекше сыйлықпен талпындырып отыр.

Inbusiness.kz мәліметінше, былтыр 11-сыныптың екі оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындалған болатын.

Аталған білім ордасын 2014 жылы бітірген кәсіпкер бұған дейін мектептің 20 жылдық мерейтойын 1 миллион теңге ақшалай қаражатпен қолдаған. Бұл жолы да ол тамаша бастамасымен түлектерді білім алуға тағы бір мәрте ынталандырды.

Бөлісу: