Қазақстанда арбадағы теннис дамып келеді.
Халықаралық теннис федерациясы арбадағы теннисшілер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі Айжан Бутимбаева өткен аптамен салыстырғанда, әлемдік рейтингіде 92-ден 89-орынға көтерілді.
Қазақстанда арбадағы теннис 2022 жылдан бері дамып келеді. Осы уақыт ішінде ТОП-90-ға ену – үлкен жетістік.