Шымкент – Сеул жаңа әуе бағыты ашылады

Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады.

Шымкент – Сеул жаңа әуе бағыты ашылады
istockphoto.com
206

29 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент – Сеул бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.

Ұшу рейсі аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.

Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары