Таныс иістер депрессияны жеңуге көмектеседі – зерттеу

Бұл әдіс аурудың симптомдарын жеңілдетуге ықпал етуі мүмкін.

Таныс иістер депрессияны жеңуге көмектеседі – зерттеу
cурет: istockphoto.com
135

АҚШ-тағы Питтсбург университетінің медицина мектебінің нейробиологтары таныс иістер депрессиямен ауыратын адамдарға өмірлеріндегі нақты оқиғаларды еске түсіруге көмектесетінін анықтады.

Бұл әдіс аурудың симптомдарын жеңілдетуге ықпал етуі мүмкін. Зерттеу JAMA Network Open журналында жарияланды.  

Экспериментке 18-55 жас аралығындағы 32 адам қатысты. Оларға 12 түрлі иіс, соның ішінде кокос майы, тмин ұнтағы, қалампыр, қызыл шарап, аяқ киімге арналған балауыз кремі, ваниль экстракты, кетчуп және апельсин эфир майы ұсынылды. Қатысушылардың көздерін байлап, әр иісті арнайы құтыдан анықтау тапсырылды.  

Сонымен қатар, олардан иістердің өмірлеріндегі қандай да бір оқиғалармен байланысты ма екенін сұрады. Нәтижесінде, иіспен байланысты естеліктер адамдарға көбірек фактілерді еске түсіруге көмектескені анықталды. Мысалы, «шарап» деген сөзді естігенде есте сақтау қабілеті әлсіз болса, ал оның иісін сезгенде нақты оқиғалар мен детальдар жақсырақ еске түскен.  

Ғалымдар бұл жаңалық депрессиямен күресуде жаңа терапевтикалық әдістерді дамытуға мүмкіндік береді деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары