сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Алматыда колонияның бұрынғы басшысы ұсталды

/
EgovPress
Құзырлы органдар оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын мәлім етті.

Алматыда қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің экс-басшысы қамауға алынды.

Telegram-дағы EgovPress арнасында Алматы қаласындағы №13 қауіпсіздігі барынша төмен мекеме бастығының ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды. Хабарламада оның дәл кеңседе тұтқындалғаны айтылған.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ-ке қамауға алу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Бұл адам ұсталған кезде Ішкі істер органдарының қызметкері болмаған, құзырлы органдар оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген заңбұзушылыққа төзімсіздік таныту саясатын ұстанады және тергеу жүргізетін органдарға жан-жақты көмек көрсетеді», – делінген комитет хабарламасында.

Бөлісу: