Тәуекел Мүслім үшінші сәбиін үйіне алып келді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Менің Махаббатым мықты ғой! Ең сұлу, ең ақылды! Аллаһ тіл көзден сақтасын. Бәріне рақмет! Жұғысты болсын», – деп жазды әртіс әлеуметтік желіде.
Ал желі қолданушылары болса құттықтауларын жаудырған.
«Құттықтаймыз», «Жігіттердің артынан қыз келсін», «Бауы берік болсын», – деп жазады олар.
Еске салайық, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің қыз баланың әкесі болуды армандап жүргені жайында жазған едік.