647
Танымал актер Тәуекел Мүсілім қыз баланың әкесі болуды армандап жүргенін айтты
Қазір актердің үш ұлы бар. Олар үшінші ұлының гендер-патиін АҚШ-та жасаған
Танымал актер Тәуекел Мүсілім қыз баланың әкесі болғысы келетінін айтты, деп жазады turkystan.kz smartnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қызым болғанын қалаймын. Достарым қыздың әкесі болу мүлде бөлек сезім екенін айтып жатады. Қызың дүниеге келгенде әйелдің жанын түсіне бастайсың дегенді айтады. Мен де соны сезініп көргім келеді. Махаббаттың денсаулығы жақсы болса, тағы 4-5 жылдан соң төртіншісіне тырысып көреміз. Сол уақытта да қыз бұйырмай жатса, сонымен тоқтайтын шығармыз, - деді ол.
Қазір актердің үш ұлы бар. Олар үшінші ұлының гендер-патиін АҚШ-та жасаған.
Аллаға сансыз шүкірліктер болсын. Үш бар жерде күш бар, бізде үшінші батыр болады. Алақай! ...Қыз болмағанша тоқтамаймыз (қалжың), сәл үзілістен кейін тағы ұмтылып көреміз, - деп әзілдеген сол кезде Тәуекел Мүсілім.