27-29 қазан аралығында Қазақстанның ауа райына ауқымды антициклон әсер етеді. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде ел аумағының барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмен болады. Ал күндіз ауа температурасы жоғарылайды:
солтүстік және шығыс өңірлерде +5...+10 градусқа дейін;
батыста +15...+20 градусқа дейін;
республиканың оңтүстігінде +12...+17 градусқа дейін жылынады.
Бұған дейін синоптиктер қазан және қараша айларында Қазақстанның басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан жоғары болатынын болжаған еді.