Үндістанда аю екі адамды мерт қылды

Бұл туралы The Times of India (TOI) басылымы мәлімдеді.

Үндістанда аю екі адамды мерт қылды
Сурет: istockphoto.com
119

Үндістанның Тамилнад штатының билігі екі ер адамды мерт қылған аюды іздеп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Фермерлер Каруппиа мен Маникандан Тхени ауданында шаруашылықпен айналысқан. Біріншісі мақта өсірсе, екіншісі лимон егіпті.

Екеуі де кешке өз фермаларын қорғауға шыққан. Ал таңертең олардың мәйіттерін фермалардағы жұмысшылар тапқан.

Полиция мен орман шаруашылығы департаментінің оқиға орнына барған өкілдерінің айтуынша, алғашқы сараптамаға сәйкес, екеуін де аю өлтірген. Бірақ Каруппияның жанынан бөтен мобильді телефон табылған. Осыған байланысты тергеушілер зорлық-зомбылық болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастыруда.

Оқиға болған жерде жыртқыштардың да адамдарға шабуылы жиілеген.

Серіктес жаңалықтары