«Шошынған»: Ақтөбеде қайтыс болған бала жайлы тың ақпарат шықты

Оқушының өліміне иттің қатысы болуы мүмкін.

«Шошынған»: Ақтөбеде қайтыс болған бала жайлы тың ақпарат шықты
Сурет: istockphoto.com
316

Ақтөбеде иттен қорыққан алты жастағы баланың жүрегі жарылып кеткен болуы мүмкін. Таң атпай сабаққа шыққан оқушыға бұралқы ит арс ете түскен. Содан шошынған балақай тіл тартпай кетті, деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Таң атпай сабағына асыққан алты жастағы баланың алдынан бұралқы ит аулада атып шыққан. Таланбаса да, иттен зәресі ұшқан бірінші сынып оқушысының жүрегі жарылып, сол жерде тілге келместен жүріп кеткен. Оны аман алып қалу дәрігерлердің қолынан келмеді.

- Барған кезде клиникалық өлім болған. Бірақ біздің бригада дәрігерлері барлық реанимация шарасын отыз минут шамасында жүргізді, - деп нақтылады Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Әлия Шарбақова.

Қаралы отбасы барлық бәленің бұралқы иттен келгеніне сенімді. Ит баланы метепке апаруға шыққан үлкендерден де жасқанбаған. Әкесі мұны растап отыр.

Тәртіп сақшылары бала өліміне қатысты тексеруді бастады. Олар оқушының қазасына не себеп болғанын сараптама шыққан соң айта аламыз дейді. 

- Ақтөбе қаласы Марьесев көшесінде үй ауласында кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы мәйіттің зорлық, өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды, - деді Ақтөбе облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Бауыржан Асауп.

Қазір Ақтөбеде иесіз иттер қаптап кеткен. Айналдырған екі ай ішінде ветеринарлар 4 мыңнан аса бұралқы итті аулапты. Бірақ оны өлтіріп тастай алмайды. Ауланған иттерді тек ветеринария бекетінің жанындағы шағын торға қамайды, жеке кәсіпкерге тиесілі панажайға береді.Ал иттерді ұзақ ұстауға мүмкіндіктері жоқ.

Серіктес жаңалықтары