Жазғы Азиада-2026: Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында жүлде еншіледі

/
Жазғы Азиада-2026: Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында жүлде еншіледі
ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Полина Иванова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сырықпен секіруден өткен финалда Иванова 4,15 метр биіктікті бағындырды.

Үндістандық Бараника Элангован да дәл осындай көрсеткіш тіркеді. Нәтижесінде қос спортшы үшінші орынды бөлісіп, қола жүлдеге ие болды.

Жарыста Жапония өкілі Мисаки Морота 4,55 метр нәтижемен алтын медаль жеңіп алды.

Ал Қытай спортшысы Ню Чунгэ 4,50 метр биіктікті бағындырып, күміс жүлдегер атанды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар