«Өсек таратыпсыңдар»: Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова видеоүндеу жасады

/
«Өсек таратыпсыңдар»: Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова видеоүндеу жасады
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Айдана Меденова мен продюсер Бағым Мұхитдинова әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, көпшілік арасында тараған қауесетке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар Айдана Меденованың «Кешью» тобының Астанада өткен концертіне не себепті қатыспағанын түсіндірді.

«Бірдеңе болған деп өсек таратыпсыңдар! Бізде бәрі жақсы! Біз Айданамен басқа жобадамыз. Хабар арнасындамыз!» – деді Бағым Мұхитдинова.

Желі қолданушылары өнер иелеріне қолдау білдіріп, алдағы жобаларына сәттілік тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары