"Менің ұлым тірі": Каспийде "қаза тапты" делінген курсанттың әкесі қазақстандықтарға үндеу жасады

/
"Менің ұлым тірі": Каспийде "қаза тапты" делінген курсанттың әкесі қазақстандықтарға үндеу жасады
Tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың бірі ретінде көрсетілген жас жігіттің видеосы тарап жатыр. Алайда ондағы әскери қызметші аман екені белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Threads желісінде әкесімен видеоқоңырау арқылы сөйлесіп отырған сарбаздың видеосы жарияланып, кейбір парақшалар оны қайғылы оқиғаға дейінгі "соңғы әңгіме" ретінде таратқан.

Жазба желіде кеңінен тарап, қолданушылар оны Каспийдегі оқиғада қаза болған әскери қызметшілердің бірі деп қабылдаған.

Алайда Қорғаныс министрлігі видеодағы жас жігіттің тірі екенін мәлімдеді.

Әскери қызметшінің әкесі Талғат Құлманов та әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жасап, ұлының аман екенін және қазір оқуын жалғастырып жатқан курсант екенін айтты.

Ол жұртты ұлының қаза тапқаны туралы ақпаратқа сенбеуге және расталмаған видеоларды таратпауға шақырды.

Талғат Құлманов сонымен қатар Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары